ТМД елдерінің арасында Украина, Молдова және Қырғызстанда өнеркәсіптік өндірістің бәсеңсуі байқалады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қаңтар-ақпан айларында Достастық елдерінің арасында Украина, Молдова және Қырғызстан елдерінде өнеркәсіптік өндірістің біршама бәсеңсуі тіркеліп отыр.
ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінен хабарлағанындай, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өнеркәсіптік өндірістің бәсеңсу үрдісі Украинада - 32,8 пайызды, Молдовада ? 26,3 пайызды, Қырғызстанда ? 25,1 пайызды құрап отыр. 2009 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, өнеркәсіптің төмендеу қарқыны бойынша Ресей, ТМД елдерінің арасында, төртінші орын алып отыр, көрсеткіш 14,6 пайызды құраған. Ал Арменияда бұл көрсеткіш 9,7 пайызды, Тәжікстанда ? 6,6 пайызды, Қазақстанда ? 3,3 пайызды, Әзірбайжанда -2,6 пайызды, Беларус Республикасында ? 2,3 пайызды көрсетіп отыр. Қаңтар-ақпан айларында Достастық елдері бойынша өнеркәсіптік өндіріс, былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда, орта есеппен 15 пайызға, ал жалпы ішкі өнім ? 10 пайызға қысқарып отыр.