ТМД елдерінің азаматтары Ресейге ішкі төлқұжаттарымен келе алмайды
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таяу шет елдердің азаматтары Ресейге өздерінің ішкі төлқұжаттарымен келмеуі тиіс. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Федералдық жиналысқа жолдауында мәлім етті.
Мемлекет басшысының айтуынша, «ешкім біреулерге проблемалар туындатпауы тиіс», ал бірқатар елдер шетелдік төлқұжат мәселесін шешу үшін «азаматтарына ақша берсе жетіп жатыр».