07:44, 19 Қазан 2017 | GMT +5
ТМД елдерінің ғарыш ведомстволарының өкілдері Мәскеуде бас қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-18 қазан күндері Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары өкілдерінің VIII кеңесі өтті. Аталмыш жиында ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастап барды.
Ресей ғарыш баспасөз қызметінің мәліметінше, күн тәртібінде ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесе пайдалану және зерттеу саласындағы жобалар талқыланды.