ТМД елдерінің қалаларында «Естелік шырағы» акциясы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-22 маусым аралығында Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс құрбандарын еске алуға арналған «Естелік шырағы» акциясы ТМД елдерінің 1200-ден астам қалаларында өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.
2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілетін «Естелік шырағы» акциясы Отан үшін жанын пида еткен жандарды еске алудың бүкілхалықтық дәстүрінің жаңа деңгейіне көтерілмек. Биылғы шараға Қазақстан, Армения, Беларусь елдерінің және Еуропа мен АҚШ-тың тұрғындары да қатыспақ.
Мәскеуде акция қатысушылары естелік шырақтарымен және гүл шоқтарымен ТМД, Балтық елдерінің елшіліктеріне келіп, соғыс құрбандарына деген өз құрметтері мен ынтымақтастықтарын білдірмек.
Айта кетейік, аталмыш акция 2009 жылы қоғамдық топ бастамасымен қолға алынған, содан бері оған қатысушы елдер саны жылдан-жылға арта түсуде.