ТМД елдерінің парламентшілері сегіз астанада «Естелік эстафетасын» өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде сәрсенбіде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған халықаралық «Естелік эстафетасы» басталады. Бұл акцияға ТМД елдерінің парламеншілері қатысады.

  ТМД елдерінің парламентшілері сегіз астанада  «Естелік эстафетасын» өткізеді

В. Матвиенко басқарған ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясы делегациясының мүшелері Достастық елдерінің астаналарын, Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ірі мемориалдарды аралайды, ардагерлермен және жастармен кездеседі, деп хабарлады РИА Новости.

Минскіден басқа, "Естелік эстафетасы" Бакуде, Кишиневте, Ереванда, Бішкекте, Душанбеде, Мәскеуде және Астанада өтеді.