ТМД елдерінің санитарлық қызмет басшылары Мәскеуде бас қосады

МӘСКЕУ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Мәскеуде Достастық елдерінің санитарлық қызметтерінің басшылары бас қосады. Олар доңыз тұмауымен күресу жөніндегі бірлескен шараларды әзірлейді,

ТМД  елдерінің санитарлық қызмет басшылары  Мәскеуде  бас қосады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресей Федерациясының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында, «кеңесте А/H1N1 тұмауының алдын алу және оның Достастық аумағына әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралар талқыланады», деген. Оның айтуынша, Достастық елдерінің бас санитарлық дәрігерлері бұл кеңесті Достастық елдерінің үкімет басшыларының шешіміне сәйкес өткізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметіне сүйенсек, маусымның 8-індегі жағдай бойынша доңыз тұмауы әлемнің 73 елінде тіркелген. Инфекцияның 25 мыңнан астам оқиғасы зертханалық жолмен расталып отыр, фактілердің 139-ы ? кісі өлімімен аяқталған. Ресейде доңыз тұмауының үш оқиғасы тіркелді, үш азамат та сауығып кетті.