ТМД елдерінің спортшылары ұлттық спорт түрлерінен сынға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні РФ-ның Ульяновск облысында ТМД елдері Ұлттық спорт түрлерінің бірінші халықаралық фестивалі басталады. Оған 10 елдің 350 спортшысы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ТМД елдерінің спортшылары ұлттық спорт түрлерінен сынға түседі

Үш күнгі жарыстар аясында медальдардың 90 жиынтығы сарапқа салынатын болады. Қатысушылар спорттың 10 түрінен сынға түседі - арқан тарту, самбо, белбеу күресі, гір тасын көтеру, садақпен оқ ату, допты хоккей, мас-рестлинг, дойбы, городки спорты және лапта.

Ол 16 тамызға дейін жалғасатын фестиваль ТМД-ға қатысушы 10 мемлекеттің командаларын қабылдайды: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Молдова, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан. Қазақстан спорттың барлық түрі бойынша қатысушылардың рекордты санын - 125 адамды аттандырып отыр.