ТМД елдерінің жастары арасында жобалар байқауы өтуде

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат - ТМД елдерінің жастары арасында дәстүрлі жобалар байқауы өтуде.

ТМД елдерінің жастары арасында жобалар байқауы өтуде

30 жасқа дейінгі жастар арасындағы байқауға қатысуға үміткерлер өз жобаларын 10 маусымға дейін жолдауы керек. Толық ақпаратты сайысты ұйымдастырушы - Autodesk компаниясының https://autodesk.ru/shape-the-future сайтынан білуге болады.

«Сәулет/Құрылыс/Құрылыс инфрақұрылымдары нысандары», «Машина жасау және өнеркәсіптік өндіріс», «Дизайн/Графика/Анимация» аталымдары бойынша өтетін бұл байқау екі кезеңнен тұрады. Оның алғашқысында интернеттегі «халықтық дауыс беру» арқылы әрбір аталым бойынша ондаған жобалар таңдап алынады. Ал 18 маусым мен 1 шілде аралығындағы екінші кезеңде кәсіби сарапшылар алқасы олардың арасынан жеңімпаздарды анықтайтын болады.