ТМД елдерімен радиациялық мониторинг деректерімен алмасу туралы заңға қол қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев радиациялық жағдай бойынша деректер алмасу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы Ташкентте өтеді
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Осыдан бұрын Қазақстан мен Израиль Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенін жазған едік.