ТМД-ға тең төрағалық етуші елдердің Сыртқы істер министрлері Қарабақ дауының шиеленісуіне байланысты мәлімдеме қабылдады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Таулы Қарабақ жанжалы аймағындағы кикілжің салдарынан адамдардың, соның ішінде бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соққан қарулы қақтығыстар туралы ақпараттарды ерекше алаңдаушылықпен қабылдап отыр.
Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесінде айтылған. Жұма күні Ресей астанасында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатыр.
«Жанжал тараптарын соғыс іс-қимылдарын тоқтату режимін сақтап, адамдар өлімін болдырмау мақсатында ұстамдылық танытуға шақырамыз. Жағдайды тұрақтандыру және ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары анықтаған қағидаттардың негізінде жанжалды бейбіт түрде реттеу бойынша болуы мүмкін барлық шараларды тезірек қолдану қажет», - делінген мәлімдемеде.