ТМД кеңісітігіндегі лаңкестік әрекеттер сияқты оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдары қалай насихаттаулары керек деген мәселе төңірегінде бейнекөпір ұйымдастырды

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «РИА Новости» ақпарат агенттігінің Орталық Азиядағы аумақтық өкілдігі «Білу немесе білмеу құқығы»
None
None

атты тақырыпта ұйымдастырған мультимедиялық бейнекөпірді тамашалады.

Аталмыш шара Мәскеу-Киев-Ереван-Астана форматында өтті. «Сәуірдің 11-і күні ТМД аумағында лаңкестік әрекет орын алды. Минск метросында лаңкестік әрекеттердің салдарынан көптеген адамдар мерт болды. Осыдан соң қоғам алдында осындай жағдайды журналистер қауымы қалай көрсетуі керек деген сұрақ туындады.

Біз ақпарат ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі заманда ақпарат құралдары үлкен рөл атқарады. Бүгінде телевидение, радио, интернетсіз әлемді көзге елестету мүмкін емес. Осыған қарай елде қандай да бір жағдай бола қалғанда оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жететін осы журналистер қауымы. Ал осы журналистер болған оқиғаны түгелдей тізіп бере берулеріне болады ма? деген сауал туындап отырғаны рас», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Осыған орай бейнекөпір барысында шараға қатысушы елдердің журналист, психолог, әскери салалардың сарапшы мамандары өз ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар