10:50, 08 Қараша 2017 | GMT +5
ТМД кеңістігінде Қазақстан - ресейліктер әуе арқылы ең көп қатынайтын ел
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Туту.ру» туристік интернет-сервисі қарашадағы әуе билеттерін іздеу мен тапсырыс бойынша танымал бағыттардың рейтингін жасады. Бұл туралы бүгін pavlodarnews.kz. хабарлады.
Ресей тұрғындарының ең көп баратын жері Молдавия болып шықты - оның үлесіне халықаралық рейс билеттерінің 10%-ы тиесілі. Екінші орында Өзбекстан (9,7%) тұр. Бір жылдың ішінде билеттер құнының жоғарылауына қарамастан, бұл елге ұшып келу саны 3%-ке артқан.
Үшінші орынға былтыр алтыншы орынды иеленген Армения жайғасқан. Бұл елге қолданушылардың 6,5%-ы билет сатып алған. Бұрынғы кеңес одағы елдерінің ішінен алғашқы ондықта Қазақстан (5,2%), Беларусь (4,2%), Әзербайжан (3,8%), Тәжікстан (3,7%) және Грузия (3,6%) бар.
Еуропалық елдерден бұл рейтингке Германия (6,2%) ғана кірген. Алтыншы орынды Израиль (4,3%) иеленген.