ТМД мен Балтық елдерінің ҰОК өкілдері олимпиялықтарды дайындау мәселелерін талқылайды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ереванда 2012 және 2014 жылдарға арналған Олимпиадаға спортшылар дайындау мәселелері талқыланатын ТМД мен Балтықтың 11 елінің Ұлттық Олимпиада комитеттерінің (ҰОК) форумы өтеді, деп хабарлайды Армения ҰОК баспасөз қызметі.
РИА Новости хабарлағандай, форум аясында 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының және Сочидегі 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының презентациялары ұсынылатын болады.
Мамандар спортшылардың медициналық дайындығы мен ұлттық допингке қарсы бағдарламалары туралы баяндамаларын ұсынады.
Форум аясында 13 қарашада Александр Спендиарян атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрында Армения ҰОК 20 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылады.