ТМД-ның атқару комитетінде 2014 жылдағы алғашқы отырыс басталды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - ТМД-ның атқарушы комитетінде 15-16 қаңтар күндері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Ынтымақтастық туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасына байланысты келісім жүргізуде кәмелеттік жасқа толмағандарды тұрақты мекенжайы бойынша тұратын мемлекетке қайтару мәселесі бойынша сарапшы топтың отырысы өтуде.

ТМД-ның атқару комитетінде 2014 жылдағы алғашқы отырыс басталды

ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта келісімде ТМД елдерінің құзыретті органдары сұраныс негізінде бір-біріне ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмағандарды тұрақты мекенжайы бойынша мемлекетке қайтаруда және іздеу салуда көмектесуі керектігі көрсетілген.

Сондай-ақ құжатта тұрақты мекенжайы бойынша тұру үшін мемлекетке қайтарылған кәмелеттік жасқа толмағандарды жіберу талаптары, оларды тасымалдау мен қажеттіліктері үшін жұмсалатын шығындарды бөлу тәртібі, сонымен бірге, құзыретті органдардың кәмелеттік жасқа толмағандарды мемлекетке қайтаруда мамандандырылған мекемелер мен жасөспірімдерді алып жүруші адамдарға көмек көрсетуін міндеттейтін ереже бекітілген.