ТМД-ның ауыр атлеттері Нұр-Сұлтанда бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ауыр атлетикадан ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТМД-ның ауыр атлеттері Нұр-Сұлтанда бақ сынайды

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, турнир ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы, аты аңызға айналған Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған. Ол Назарбаев Университетінде 29 қазан - 3 қараша күндері аралығында өтеді.

Жарысқа Қазақстан мен ТМД елдерінен 250-ден астам спортшы қатысады.