08:58, 09 Шілде 2017 | GMT +5
ТМД-ның ең бойшаң жол полиция қызметкері Өзбекстанда тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Фергана облысында ТМД-дағы ең ұзын жол полициясы жұмыс жасайды, оның бойы 214 сантиметр, деп жазады vesti.uz.

Facebook-тегі «Ташкент жүргізушілері» тобының пайдаланушылары суретті салып, ең ұзын жол полиция қызметкерімен кикілжіңге келмеуге, егер тәртіп бұзып, ол құжатыңды сұраса бірден беру керек деген сыңайда жазбалар қалдырған.
NCD Risk Factor коллаборациясының ғалымдарының деректеріне қарағанда, Өзбекстандағы ер адамдардың орташа бойы 169,4 см екен.