ТМД-ның танымал өнер қайраткерлері Ш.Айтматовтың туған күнін атап өтті

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 28 қараша. ҚазАқпарат - Танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың туған күні Мәскеуде атап өтілді.

ТМД-ның танымал өнер қайраткерлері Ш.Айтматовтың туған күнін атап өтті

Салтанатты кешке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің белгілі мәдениет қайраткерлері шақырылды.

«Танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 85 жыл толуына арналған салтанатты шара «Ала-Тоо» қырғызстандық қоғамдық ұйымның бастамасымен және Мәскеу билігі мен Мәскеу ұлттар үйінің аймақаралық ынтымақтастық, ұлттық саясат департаментінің бастамасымен өтті», - деп хабарлады ТМД мемлекеттерінің парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен.

Қонақтардың қатарында жазушымен жақын араласқан Қырғызстан Республикасының халық ақындары - Омор Сұлтанов, Тәжікстан Республикасынан - Мумин Каноат, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков, Түркіменстанның халық суретшісі Владимир Артықов, Ташкенттен ақын Борис Пак, орыс жазушысы Валерий Поволяев және тағы басқалар болды.