ТМД ПА:Жеңістің 70 жылдығы - шынайы достық белгісі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған депутаттар делегациясы Санкт-Петерборда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына арналған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының салтанатты пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлады Мәжілісітің баспасөз қызметінен.

ТМД ПА:Жеңістің 70 жылдығы - шынайы достық белгісі

Жиынға қатысқан ТМД елдері парламентшілерінің, ардагерлердің айтуынша, Жеңістің 70 жылдық мерейтойы - бостандықты, ізгілікті, әділдікті қадірлейтін әрбір азамат үшін қасиетті күн әрі шынайы достықтың айшықты белгісі.

Сондай-ақ, жаңа мыңжылдықта көп қырлы ынтымақтастықты дамытудың кепілі. Отырысқа қатысушылар парламентаралық құрылымдардың, соның ішінде, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Ұлы Отан Соғысы батырларының қайталанбас ерлігіне тағзым ету, есте қалдыру жолындағы айрықша рөліне тоқталды. Ұйымның заң шығармашылық қызметіне баса көңіл бөлінді. Бүгінгі күні парламентаралық Ассамблеяның күш-жігерінің арқасында бірқатар заңнамалық құжаттар әзірленді. Салтанатты жиын барысында ардагерлерге ТМД мемлекеттер басшылары кеңесімен бекітілген «Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне 70 жыл» мерейтойлық медаль табыс етілді. Одан әрі әскери оркестрлердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.