ТМД ПАА байқаушылары Армения Президентінің сайлауында өз миссиясын орындауға әзір

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 18 ақпан. ҚазАқпарат - ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобы бүгін, 18 ақпанда өтетін Армения Республикасының Президенті сайлауында жұмысқа кірісуге әзір. Бұл туралы штаб-пәтері Санкт-Петерборда орналасқан ТМД ПАА баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Ереванға 30 адамдық құраммен келген ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар үйлестіру кеңесін өткізді және Армения Республикасы Президентінің сайлауы кезінде жүргізілетін жұмыс жоспарын талқылады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Молдова Республикасы Парламентінің ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және қоғамдық тәртіп жөніндегі комиссиясының төрағасы, үйлестірушілер тобының жетекшісі Александр Стояногло «Армениядағы сайлау науқаны өте ашық және байсалды өтті», деп атап өтті.

Еске сала кетейік, ТМД ПАА байқаушылар тобы ТМД жалпы миссиясына кіреді. Топ құрамында ТМД қатысушы-мемлекеттері 7 парламентінің өкілдері, ТМД ПАА кеңесі хатшылығының қызметкерлері бар. Топ үйлестірушісі Молдова Республикасы Парламентінің ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және қоғамдық тәртіп жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Стояногло. Армениядағы халықаралық байқаушылар жұмысына ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев қатысуда.

Армения Республикасы Президенті сайлауында бақылаушылар миссиясын орындау үшін 5 ақпандағы мәлімет бойынша, 5 шетелдік, 19 жергілікті ұйымдар, сондай-ақ Арменияда тіркелген шетелдік дипооматтар тіркелген.

Как сообщает официальный сайт Центризбиркома Республики Армения, на настоящий момент зарегистрированы международные организации: Межпарламентская Ассамблея СНГ и мониторинговая миссия СНГ, БДИПЧ/ОБСЕ, ICES (Международный экспертный центр избирательных систем), ПАСЕ.

Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар: ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ТМД мониторинг миссиясы, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ICES (Сайлау жүйесінің халықаралық сараптама орталығы), Еуропалық одақ Парламенттік Ассамблеясы тіркелген.

Еске сала кетейік, Армения Республикасы Президенті лауазымына сегіз үміткер: Армения Республикасының Президенті, Республикалық партия көшбасшысы Серж Саргсян, «Еркіндік» партиясының төрағасы Грант Багратян, «Мұра» партиясының көшбасшысы Раффи Ованнисян, «Ұлттық өзін өзі билеу одағы» көшбасшысы Паруйр Айрикян, Карабах сыртқы істер экс-министрі Арман Меликян, эпостанушы Вардан Седракян, саясаттанушы Андриас Гукасян және «Ұлттық келісім» партиясының көшбасшысы Арам Арутюнян дауысқа түседі.

Соңғы жаңалықтар