ТМД ПАА делегациясы әскери-патриоттық жұмыспен айналысатын жастар ұйымының мүшелерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенатта ТМД ПАА делегациясы әскери-патриоттық жұмыспен айналысатын жастар ұйымының мүшелерімен кездесті.

ТМД ПАА делегациясы әскери-патриоттық жұмыспен айналысатын жастар ұйымының мүшелерімен кездесті

«Естелік эстафетасы» шарасына қатысуға келген ТМД ПАА делегациясымен кездесуде сенатор Владимир Редкокашин жастардың іздеушілер тобы жұмысының өзектілігін атап өтті.

«Жастарды тарихи мұраға таныстыру, Отанды қорғауға дайын болуға көзқарас қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін ояту - біздің ортақ міндетіміз», - деп атап өтті В.Редкокашин.

Сенатор сондай-ақ Қазақстанда 37 мыңнан астам жас қазақстандықтар қатысатын 1 388 әскери-патиоттық клубтар, үйірмелер мен секциялар қызмет ететіні туралы хабардар етті.