ТМД Парламентаралық Ассамблеясы қоршауда қалған Ленинградта қаза тапқандарды еске алды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы Валентина Матвиенко мен аталмыш ұйым делегациясы Пискарев мемориалына гүл шоқтарын қойды.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы қоршауда қалған Ленинградта қаза тапқандарды еске алды

Ассамблеяның баспасөз қызметі хабарлағандай, В.Матвиенко Санкт-Петерборға Ленинградтың фашистер блокадасынан азат етілуінің 70 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін арнайы келген.

Шараға сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев пен бірқатар Достастық елдері парламенттерінің өкілдері қатысты. Делегация мүшелері қоршауда қалған батыр қалада қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.