ТМД саммиті қарсаңында Бішкектегі шыршалар жасыл «сырмен» боялды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қыркүйекте Бішкек қаласында ТМД президенттерінің саммиті басталады, содан кейін Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі өтеді.

ТМД саммиті қарсаңында Бішкектегі шыршалар жасыл «сырмен» боялды

Жергілікті билік іс-шараларға дайындалып жатыр, олар Бішкекті әдемі жағынан көрсетпекші. Алайда олардың әрекеті тұрғындарды таңдандырды, деп хабарлайды currenttime.tv.

Саммитке қатысушылар баруы мүмкін Ата бейіт мемориальдық кешенінің айналасындағы шыршалар бір түнде жасыл түске боялып шыға келген. Бір қызығы ағаштардың жолға қараған беті ғана жап-жасыл болса, қарсы беті сұрғыл-қоңыр күйінде қалып қойған.

Жергілікті жұмысшылардың айтуынша, ағаштарды спрейі бар адам бояп шыққан, ол спрей бояуды өсімдлікке арналған дәрумен мен тыңайтқыш деп сендірген.