ТМД шекараларында 13 мыңнан астам тәртіп бұзушы ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — ТМД Достастығына кіретін елдердің 2021-2025 жылдарға арналған сыртқы шекара қауіпсіздігін нығайту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының алғашқы қорытындысы шығарылды.

Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің төрағасы Александр Маниловтың айтуынша, биыл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара қауіпсіздігін нығайтудағы 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы аяқталады.
— Қазір жоспарланған іс-шаралардың 90 пайыздан астамы орындалды. Олардың көпшілігі практикалық сипатта. Мәселен, бірлескен сегіз арнайы шекаралық операция барысында 13 мыңнан астам мемлекеттік шекара заңнамасын бұзушы, террористік-экстремистік әрекетке қатысы бар 230 тұлға, іздеуде жүрген 400-ден астам азамат ұсталып, 800 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді, — дейді ол.
Айтуынша Достастыққа кіретін әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі оның шекарасынан басталады. Ең алдымен терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткіге және ұйымдасқан қылмысқа ең бірінші барлық шекарашы тап болады.
— Қолбасшылар кеңесі 2030 жылға дейінгі орта мерзімді кезеңге арналған жаңа бағдарламаның жобасын әзірледі. Ұсынылған бағдарлама жобасы халықаралық құқық қағидаттары мен жалпы алғанда халықаралық құқық қағидаттары мен түйінді құжаттармен келісілген, сондай-ақ ТМД елдерінің халықаралық қағидаттары мен үйлесімділігі негізінде жасалған, — деді ол.
Александр Манилов оны дайындау кезінде сыртқы шекаралардағы жағдайдың дамуын талдау мен болжамдардың нәтижелері, сондай-ақ алдыңғы бағдарламаның қортындысы ескерілгенін тілге тиек етті.
Құжатта 70-тен астам практикалық шара бар.
Бұған дейін Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатқаны туралы жазған едік.
Айта кетейік, күзде ТМД елдері СІМ кеңесінің келесі отырысы Душанбеде өтеді.