ТМД стартаптары Astana Hub акселерациялау бағдарламасына қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі аясында акселерациялау бағдарламасының екінші легі іске қосылды.  14 стартап-команда іріктеуден өтіп, стартаптарды белсенді дамыту бағдарламасының қатысушылары атанды.

ТМД стартаптары  Astana Hub акселерациялау бағдарламасына қатысуда

Astana Hub акселераторы - бұл  стартаптарды белсенді дамытудың 3 айлық тегін бағдарламасы. Акселерациялау көмегімен командалар клиенттерге, әріптестерге және инвесторларға арналған пайдалы және ауқымды бизнес құрады. Қатысушылар ЭКСПО аумағында тегін жұмыс кеңістігін, стартап диагностикасын, бизнес-процестерді баптауды, инвестицияларды және жобаны дамуын жеделдетуді алады.

Іріктеуден өткендердің тізімінде Қазақстаннан 11 стартап бар, қалғандары Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей командалары.

Astana Hub акселерациялау бағдарламасының екінші легіне іріктеуден өткен жобалар:

  • Bot Service (Тәжікстан) - Viber және Telegram мессенджерларында ботты жасауға арналған конструктор;
  • HalalGuide (Ресей) - Мұсылмандарға арналған жобалардың экожүйесі: мешіттерді, халал дәмханаларды және дүкендерді іздеу, имамға сұрақ қою, әлеуметтік жобаларға құрбандық шалу;
  • MaсDent - стоматологтардың проблемаларын шешуге арналған бағдарлама;
  • Brandless - ауыз суға жазылу қызметі;
  • Менің есебім.kz - жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық режимді пайдаланатын кәсіпкерлер үшін сервис;
  • Asper - көлікпен байланысты қызметтерді алуға арналған мобильдік қосымша: көлік бөлшектері, автосервистер, көлік жуу;
  • Workis (Өзбекстан) - мессенджерларда, Facebook messenger, telegram және басқаларда жұмыс және персоналдар іздеу сервисі;
  • СТОgramm - ТҚБ, автокөлік бөлшектері, көлік жуу, ЖҚЕ айыппұлдарын, көлік құжаттамаларын және автосервис саласындағы басқа да қызметтердің бірыңғай орталықтандырылған жүйесі;
  • Printani.kz - сервис фотосуреттерді «осы жерде және қазір» басып шығару үшін телефоннан немесе компьютерден жіберуге, сондай-ақ фотосуреттерді алуға ыңғайлы немесе үйге жеткізіп беретін фотосалондарды таңдауға мүмкіндік береді;
  • 1T - Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның барлық сатып алу процестерін шоғырландыру;
  • Senim QR-кодты ақылды әмиян: кэшбэк, чат, сыйлық сертификаттары, қысқамерзімді онлайн қарыздар, тамақтар және азық-түлік жеткізу, ЖМБ-де жанар-май құю;
  • IMFIS - ықпалдастырылған медициналық қаржылық ақпараттық жүйе;
  • Менің жүктілігім - жүкті әйелдердің босанғанға дейінгі қашықтық патронажы;
  • Tink - Чат бот платформасы орнатылған бизнеске арнайы әзірленген заманауи мессенджер.

Astana Hub командаларға даму үшін трекинг, білім және консалтинг, қоғамдастық және нетворкинг, стартаптар аукционы, PR сияқты құралдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен корпорациялармен байланыс ұсынады

Айта кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Astana Hub технопаркі базасында #garage акселерациялау бағдарламасының бірінші легі іске қосылды. Бағдарлама қорытындылары бойынша акселерациядан 10 қазақстандық  IT-стартап түлеп шықты. Олар бағдарламаның үш айы ішінде 28 млн теңге көлемінде алғашқы инвестицияларды тартты, сатуларын арттырды және өздерінің бизнес-модельдерін дамудың жаңа деңгейіне шығарды.