ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2016 жылдың көктемінде Мәскеуде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2016 жылы сәуірде Мәскеуде өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті.

ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2016 жылдың көктемінде Мәскеуде өтеді

«ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Ол жалпы уағдаластыққа сәйкес 2016 жылдың 8 сәуірінде Мәскеуде өтеді», - деді ол.

Айта кетейік, Астанадағы отырыстың қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері БҰҰ-ның құрылуының 70 жылдығына байланысты ТМД мемлекет басшылары мәлімдемесінің жобасын, сондай-ақ халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдеменің, ТМД мемлекет басшыларының Чернобыль АЭС-тегі апаттың орын алуына 30 жыл толуына қатысты үндеуі жобаларын және басқа да бірқатар құжаттардың жобасын мақұлдады.