ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі кеңесі Ташкентте өтеді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі кеңесі 2017 жылы Ташкентте өтеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитет төрағасы Сергей Лебедев Бішкектегі СІМК отырысында айтты.
«Сыртқы істер министрлерінің кезекті кеңесін 2017 жылы 7 сәуірде Ташкентте өткізу жөніндегі шешім қабылданды», - деп хабарлады Лебедев.
Сондай-ақ, ол СІМ басшылары ТМД сыртқы саяси ведомстволарының жұмысы бойынша бірқатар жобаны мақұлдағанын жеткізді. Олардың ішінде терроризммен бірлесіп күресу мен одақтың заманауи жағдайына бейімделу шаралары.
Еске сала кетейік, ТМД сыртқы істер министрлерінің саммиті бүгін Бішкекте өтуде. Сағат 15-те «Ала-Арча» мемлекеттік резиденцияда Достастық мемлекеттері басшыларының саммиті басталады.