16:50, 08 Маусым 2023 | GMT +5
ТМД және ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Сочидегі көрмені аралап көрді
СОЧИ. ҚазАқпарат – Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) желісі бойынша іс-шараларға қатысып жатқан өзге елдердің Үкімет басшылары «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесінің экспозициясымен танысты. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көрме Сочи қаласындағы (РФ) «Сириус» ғылым және өнер паркінің аумағында өтіп жатыр. Онда ЕАЭО елдері экономикаларының барлық саласындағы кооперациялық жобалар ұсынылған.
Шараға Қазақстаннан: теміржол дөңгелектерін шығаратын «Проммашкомплект» компаниясы; ауыл шаруашылығы және мамандандырылған техникалар өндіретін «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы»; биотехнологиялық препараттар өндіретін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» қатысуда.