ТМД жастары елдер экономикасын дамыту бойынша 100 идеясын ұсынады

ДУШАНБЕ. ХОВАР-ҚазАқпарат – Бакуде 14-15 қараша күндері ТМД-ға мүше мемлекеттер Жастар істері жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ховар» Тәжікстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ТМД жастары елдер экономикасын дамыту бойынша 100 идеясын ұсынады

ТМД Атқару комитетінің мәліметіне сәйкес, осы күндері, сондай-ақ «ТМД үшін 100 идея» Халықаралық жастар жобасының ақтық кезеңі өтеді. Жобаны бастау ұсынысы 2013 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысында жасалды. Мақсаты – достастық елдерінің жастарын ғылыми-инновациялық және әлеуметік-экономикалық салалардағы міндеттерді шешуге жұмылдыру. 2014 жылдан бастап іске асырыла бастаған жоба екі жылда бір өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: ұлттық (іріктеу) және халықаралық (финал). Оған өздерінің авторлық жобаларын ұсынған ТМД елдерінің 14-35 жас аралығындағы жас азаматтары қатыса алады.

Бұдан бөлек, қараша айында ТМД ұйымы шеңберінде бірқатар іс-шара өтеді. Атап айтқанда, 5-6 қарашада Кишиневте (Молдова) – ТМД-ға мүше елдердің Өсімдіктер карантины бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы, 7 қарашада Ташкентте (Өзбекстан) – ТМД-ға мүше елдердің Қауіпсіздік және арнайы қызметтер басшылары кеңесінің отырысы, 8-9 қарашада Душанбеде (Тәжікстан) – ТМД-ның Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің отырысы, 13 қарашада Шымкентте (Қазақстан) – Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық кеңесінің отырысы, 14-15 қарашада Бакуде (Әзербайжан)– ТМД-ға мүше елдер Жастар істері жөніндегі кеңесінің отырысы, 14-15 қарашада Бакуде «ТМД үшін 100 идея» Халықаралық жастар жобасының ақтық кезеңі өтеді.