ТМРА: 2013 жылдан бастап 24 өңірлік электр желілік компания бенчмаркингтік әдіске көшеді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдан бастап өңірлік электр желілік компанияларды салыстырмалы талдау әдісіне (бенчмаркинг) көшіру қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.

«2013 жылдан бастап өңірлік электр желілік компанияларды шетелде кеңінен қолданылатын салыстырмалы талдау әдісіне көшіру қажет», - деді ол.

Агенттік басшысының пайымынша, аталған салыстырмалы талдау әдісіне көшудің бірқатар басымдылығы мен ынтымаландыру шаралары бар. Атап айтқанда, ол тәсіл тарифтерді бекіту барысында қызмет тиімділігі дәрежесін есептеуге мүмкіндік береді, субъект бекітілген тарифтік кіріс шегінде шығыстарын өз бетінше бөлуге оңтайландыруға мүмкіндік алады.

Бұл әдіске 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 24 өңірлік электр желілік компания көшетіндігін атап өткен ол: «Салыстырмалы талдау әдісін қолданудың ілкі кезеңі қорытындысы бойынша аталған әдісті 2015-2016 жылдары базалық су арналарына енгізу болжануда», - деді М.Оспанов.

Соңғы жаңалықтар