ТМРА басшысы жұмысынан шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Агенттік төрағасының қызметін атқарушы лауазымына Аманжол Алпысбаев тағайындалып отыр.
Айта кетейік, М.Оспановқа қатысты 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. 3 шілде күні ол қамауға алынды.