ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов 800 миллион теңге айыппұл төледі
Айта кетейік, Мұрат Оспановқа Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша аса ірі көлемде пара алды деген кінә тағылған еді. Жыл басында аяқталған сот процесінде ТРМА бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов сот залынан босатылған болатын. Экс-шенеунікті қамауға алу бұлтартпау шарасы мүлкін тәркілеумен қатар, ешқайда шықпау қолхатына ауыстырылып, 1 млрд. 101 млн. теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Оспанов 2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінде жауап беруден кейін ұсталды.
Соттың жіберген хабарламасы бойынша, үкім шығару кезінде М. Оспановтың бұрын ешқандай қылмыс жасамағаны, мемлекеттік наградалармен марапатталған қызметтік өтілі ескерілді.
Естеріңізге салайық, М. Оспанов 300 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен былтыр шілде айында ұсталған болатын, кейінірек сот оны қамауға алуды санкциялады. Мұрат Оспанов ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы қызметіне 2012 жылдың қаңтар айында тағайындалған.