ТМРА электр энергиясы мен суға тарифтерді тереңдетіп саралауды ұсынады

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр энергиясы мен суға тарифтерді тереңдетіп саралауды ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Агенттік басшысының атап өтуінше, аталған сараланған тарифтерді енгізу халықтық әлеуметтік жағынан әлсіз тобы үшін тарифтердің өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік туғызып, су арналарына жаңғыртуды жүзеге асыру үшін қосымша табыс алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар энергияны сақтау мен ластайтын заттар шығарындыларын барынша төмендетеді.

«2011 жылы тәулі зоналары бойынша сараланған тарифтерді қолдану нәтижесінде үнем орташа есеппен шамамен 2,5 млрд. теңгені құрады. Тұтыну көлемі бойынша шамамен 1 млрд. теңге болды. Электр энергиясының үнемделуі 150 млн. кВт/сағатты құрады. Ластайтын заттар шығарындылары, күл шығару 13,5 мың тоннаға төмендеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар