12:13, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
ТМРА электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай 3 деңгейлі сараланған тарифтерді енгізуге кірісті
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай 3 деңгейлі сараланған тарифтерді енгізуге кірісті.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында агенттік электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай 3 деңгейлі сараланған тарифтерді енгізуге кірісті», - деді ол.
Оның айтуынша, электр энергиясына ақы төлеу кезінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсз тобына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап электр энергиясының тұтыну шамасын асырғаны үшін аса жоғары немесе 2-ші деңгейлі тариф бойынша ақы өндіріп алынатын неғұрлым жоғары шама енгізілген.
«Бұдан әрі осы тәжірибе сумен жабдықтауда қолдану мүмкіндігі қаралатын болады», - деді М.Оспанов.