ТМРА «Қазаэронавигация» РМК-ның тарифтерін өзгеріссіз қалдырды
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Қазаэронавигация» РМК-ның 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап әуе кеңістігі мен аэродром ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету тарифтерін орташа алғанда 92 пайызға өсіру туралы өтінімін өзгеріссіз, бұрынғы тариф үйінде қалдырды,
деп хабарлайды ТМРА-нің баспасөз қызметінен.
Соның қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК-ның қызметтерімен байланысты әуе тасымалдары тарифтерінің өсуі жақын уақытта күтілмейді.
«Қазаэронавигация» РМК-ның сәйкестендірілген өтінімі ТМҚА-не ағымдағы жылдың қыркүйек айында келіп түсті. Кәсіпорынның мәліметтерінше, қадағаланатын қызметтерге жұмсалатын шығындардың көбеюі салдарынан ішкі рейстердегі әуе кемелеріне қызмет көрсету тарифінің залалдылығы өтінімді берудің негізгі себебі болды.
«Қазаэронавигация» РМК-ның тарифтері және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін жинақ мөлшерлемелерімен Агенттік сайтындағы (www.arem.kz) «Статистикалық мәліметтер» бөлімі арқылы танысуға болады.