ТМРА қызметкерлерінің пара алуларына байланысты бірқатар басшылар лауазымдарымен қоштасты

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бірқатар лауазым иелері «пара» алып ұсталғаннан кейін ведомствода лицензия беру жұмыстары электронды жолмен жүргізіле бастады.
None
None

Бұл туралы бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен оның аймақтағы құрылымдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес  мәселелеріне арналған мәжілісте аталмыш ведомствоның жауапты хатшысы Руслан Ахметов мәлім етті.

 Оның деректеріне қарағанда, Өскемен қаласы сотының үкімімен өткен жылы Шығыс Қазақстан облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бұрынғы бастығының орынбасары Кәкірбаев және осы департаменттің Техникалық реттеу бөлімінің бұрынғы бастығы Калиахметов «пара» алғаны үшін сотталды. «Өз қарамағындағы қызметкерінің жемқорлық әрекетіне жол бергені үшін Шығыс Қазақстан облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Құдаманов  қызметінен босатылды»,-деді Жауапты хатшы.

 Оның деректеріне қарағанда, Табиғи монополияларды реттеу агенттігіндегі «пара» алудың соңғы фактісі өткен жылы тіркелді. Жемқорлық әрекетіне жол бергені үшін Астана қалалық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкері Шаихов ұсталды. Осы себепті Астана қаласының Табиғи монополияларды реттеу департаментіне де жаңа басшы тағайындалды. «Осы айтылған «пара» алу жағдайының үшеуі де лицензия беру мәселесімен байланысты болып отыр. Осы себепті, яғни ведомствода сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алуына ықпал ететін факторларды жою мақсатында лицензия беру мәселесі электронды тәсілмен жүзеге асырылатын болды»,-деді Р.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар