ТМРА лицензия беруін екі есеге қысқартты

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау барысында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі үстіміздегі жылғы шілде айынан бастап өз лицензияларын беруді тағы да жартылай қысқартты.
None
None

ТМРА баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство лицензияның төрт түрінің екеуін ғана беретін болады. Ведомствоның аумақтық департаменттері үшеуінің орнына тек  лицензияның магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызмет түрін ғана лицензиялайтын болады. Электр, жылу энергиясын беру және тарату, жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау сияқты лицензиялардың түрлерінен бас тартылды.

Орталық аппарат Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметтің бір түрін лицензиялауды жүзеге асырады. Тиісті өзгерістер қолданыстағы заңнамаға енгізілді.

Агенттік алдағы уақытта кірме жолдарды магистральдық және стансалық жолдарға жалғастыруға рұқсат бермейтін болады. Осы қызмет заңнамамен үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап алынып тасталды.

Төрешілдік әуре - сарсаңды қысқарту және қызметкерлермен тікелей байланысты болдырмау мақсатында Агенттік және оның аумақтық органдары лицензияларды және оларға қосымшаларды электронды түрде беру туралы өтініштерді қабылдауды жалғастыруда. Үстіміздегі жылдан бастап 237 құжат берілді.

Бұдан басқа қазіргі уақытта Агенттік Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініштерді қабылдауды және лицензияларды беруді ұйымдастыру бойынша қосымша жұмыс жүргізуде, бұл мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық құқық тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар