ТМРА монополистер нысандары бойынша журналистерге арналған баспасөз-турларын бастайды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі биылғы жылдың 20 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған аймақтардағы халықты электрмен, сумен және жылумен жабдықтайтын табиғи монополиялардың базалық субъектілеріне баспасөз-турларын ұйымдастырмақ.

ТМРА монополистер нысандары бойынша журналистерге арналған баспасөз-турларын бастайды

Баспасөз-турларының мақсаты:

  • инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысын, монополист-кәсіпорындардың активтерінің жаңғыртылуын және атқарылған істердің қорытындысын баспасөзде кеңінен жариялау;
  • тарифтердің өсуінен түскен қаражат табиғи монополиялар субъектілерімен мақсатты қолданылып жатқаны туралы тұтынушыларға ақпарат беру;
  • жоғары нормативтік техникалық шығындарды жоюға және нормативті техникалық шығындарды, ТМС негізгі базалық құралдарының тозуын азайтуға бағытталған шараларды насихаттау.

Барлығы 55 баспасөз-туры жоспарланған.