ТМРА сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға ықпал ететін бағыттарды нақтылады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бүгін ведомствода сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттердің алдын алуға ықпал ететін бағыттарды нақтылады.
None
None

Бұл мәселелер жөнінде бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен оның аймақтағы құрылымдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес  мәселелеріне арналған мәжілісте аталмыш ведомствоның жауапты хатшысы Руслан Ахметов айтты.

 Жауапты хатшының сөзіне қарағанда, біріншіден табиғи монополия саласындағы мәселелерді реттейтін заңдарды жетілдіріп, осы бағыттағы актілердің деңгейін көтеру шараларын жүйелендіру қажет. «Табиғи монополиялар саласындағы өтініштердің қараудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету керек. Бұл бағыттағы жұмыстарға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйым өкілдерін тартқан жөн. Аймақтық органдардың қызметін бақылау шараларын арттырып, оларға кешенді тексеру шараларын көбейту қажет. Бұған қоса аймақтық органдардың қызметінің рейтингін жасап отыру керек»,-деді жауапты хатшы.

 Сондай-ақ ол сөзінде табиғи монополияларды қорғау саласының қызметкерлері арасында оқыту семинарларын ұйымдастырып отыруды ұсынды. Бұл бағыттағы жұмыстарға құқық қорғау органы саласының қызметкерлерін қатыстырған жөн. «Сонымен қатар монополияға қарсы күрес саласының өкілдеріне ара-тұра елдегі бас бостандығынан айыру орындарын да аралатып отырған оңды болар еді»,-деді ведомство өкілі.

Соңғы жаңалықтар