ТМҰ бизнес форумында екі меморандумға қол қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің экономикалық интеграциясы және ынтымақтастығы: өндіріс, агроөнеркәсіптік кешен, логистика және цифровизация салаларындағы жаңа мүмкіндіктер» бизнес форумында қол қойылған құжаттардың арқасында экономикалық ынтымақтастық арта түспек.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ)
Фото: aqorda

Бекітілген құжаттардың тізімі:

1. «Атамекен» ҚР ҰКП және Түркі инвестициялық қоры арасындағы меморандум (ол инвестициялық серіктестікті дамытуға және аймақтағы ортақ жобаларды қолдауға бағытталған);

2. Түркі мемлекеттерінің сауда-өндірістік палаталары одағы (TCCI), Қазақстанның ішкі сауда палатасы, сонымен бірге, Кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары ұлттық қауымдастығы арасындағы меморандум.

Аталған құжаттар түркі әлеміндегі бизнес құрылымдарының байланысын тереңдетуге, сондай-ақ, инвестиция құю және сауда-саттық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.

Айта кетейік, бұған дейін ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы артып келе жатқанын жазғанбыз.