Төбесіне кесе қойып, билеген бүлдіршін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бар-жоғы 3 жастағы кішкентай балақан басына кесе қойып керемет билеп шықты. Оның кесені төбесінен түсіріп алмай, кәнігі шеберлердей билеуі әлеуметтік желілер көрермендерін қатты таң қалдырды.

Төбесіне кесе қойып, билеген бүлдіршін

«Алматы» телеарнасының хабарлауынша, бүлдіршін осылайша әлеуметтік желі қолданушыларының көзайымына айналған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ол басына қойған 3 шыныаяқты сындырмақ түгілі, дыбысын да шығармапты. Бірнеше күнде осы жазбаны мыңдаған адам тамашалап үлгерген, деп жазады egemen.kz.