Тобыл қаласының әкімі Әділ Өміртаев отставкаға өтініш берді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Тобыл қаласының әкімі Әділ Өміртаев басқа қызметке ауысуына байланысты отставкаға өтініш берді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов мәлім етті.
«Ол бүгін сайлау комиссиясына өтінішін берді. Ол өз еркімен отставкаға кетіп жатыр. Қызметін 8 жылдан астам уақыт бойы абыроймен атқарды. Осы аралықта ол ауыл және қала әкімі болды. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен отставкаға өтініш берді. Нақты қандай жұмысқа ауысатынын айтқан жоқ. Енді берген өтініші негізінде өкім әзірленеді», - деп мәлім етті Жансұлтан Тәукенов.