«Тобыл» клубының бұрынғы бас бапкері Армения құрамасын жаттықтырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тобыл» командасының бұрынғы бас бапкері енді Арменияның ұлттық құрамасын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Осыдан 4 жыл бұрын Вардан Минасян «Тобыл» командасын «жұлдызы жанып» тұрған бапкер ретінде қабылдаған. Өйткені ол Армения құрамасын жаттықтырып жүрген кезде команда өте жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Алайда Қостанайда Минасян 7-ші сатыдан аса алмады. 44 жастағы маман қазақстандық клубпен 1 жыл жұмыс істеді, алайда нәтиже жоқ. Соңғы уқытта ол Арменияның Футбол федерациясының техникалық директоры лаузымыны иеленіп жүрген болатын.
Бұл оның Армения құрамасына екінші қайтара баруы. 2010-2013 жылдар аралығында Минасян армениялық команданың тарихындағы ең үздік жетістікке қол жеткізуіне себепші болды. Ол уақытта Армения құрамасының Еуропа чемпионаты -2012 ойындарының іріктеу сынына жетуіне аз-ақ қалған еді. Осы жолға лауазымында ол Артур Петросянның орнын басты.