«Тобыл» Краснодар шабуылшысымен келіссөз жүргізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиялық вингер Рикардо Лаборде келесі аптада «Тобыл» командасымен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп жазады «SPORTINFORM» САА.
None
None

30 жастағы вингер соңғы 5 жылын Ресейдің ең мықты деген клубтарының бірінде өткізді. Оның есебінде 73 матч пен «Қраснодар» құрамында 11 гол бар. Лаборде осыған дейін отырған келісімшарты мерзімінің аяқталуына байланысты өзге жұмыс берушілермен келіссөз жүргізуде. Осы реттегі басты кандидаттардың бірі «Тобыл» командасы болып отыр. Лаборде бүгінде Қазақстанға виза алу үшін қажетті құжаттарды жинауға кіріскен.

«Тобыл» басшылығы Лабордемен келісімшартты терзірек бітіруге мүдделі. Олар бұл жаңалық туралы Еуропа лигасының іріктеуінің бірінші турына жақын жария етуді көздеп отыр.

Айта кетейік, қостанайлықтар Еуропа лигасының бірінші іріктеу турында грузиялық «Самотредиямен» ойнайды. Егер «Тобыл» өкілдері бірінші турдан аман өтсе, екінші раундта оларды «Пюник» - «Вардар» командаларының жеңімпазы күтіп тұр.

Айта кететін мәселе, «Тобыл» командасын осыған дейін украина форварды Антон Шиндер кеткен болатын. Жақында аталмыш командамен келісімді Василий Кобин бұзбақ.

Соңғы жаңалықтар