13:32, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
«Тобыл» тізгінін ұстауға лайықты деген үш кандидат белгілі
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Футболдан «Тобыл» командасына жаңа бапкер келмек. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, қазір қостанайлық команданың тізгінін ұстауға Владимир Муханов, Дмитрий Огай және Сергей Юран кандидат.

Бұл туралы «Аламан» хабарлады.
Осыған дейін «Тобылға» Холгер Фахтың да келуі мүмкін деген ақпарат тараған. Бірақ ол болжам күйінде қалып отыр. Ал Муханов пен Огайға «Тобыл» командасының басшылығы ұсыныс жасағаны белгілі болды.
Қостанайлық клубты қазір Сергей Масленов баптайды. Биылғы біріншілікте «Тобыл» 9 ойында алты ұпай жинап, оныншы орында келеді.