Тобылда екі жасар бала ашық қалған кәріз құдығына құлап көз жұмды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Ашық канализацияға құлап кеткен екі жасар баланың өліміне байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алау басылымына сілтеме жасап.
None

Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді.

«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өліміне байланысты «Міндетке сенімсіздік таныту» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.

Тергеу бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар