Того Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қазақстан
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар