Тоғыз айда құрылыстағы баға 4,3%-ға өсті - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қыркүйекте өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына 4,8 пайызға, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 4,1 пайызға, машиналар мен жабдықтарға - 2,3 пайызға өсті.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қыркүйекте 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағалары 0,1 пайызға өсті. Гипс 2,9 пайыз деңгейінде, бояулар мен эмальдар - 2,8 пайызға, құм - 2,4 пайызға, тауарлы бетон - на 2,3 пайызға, шыбықтар - 1,3 пайызға, линолеум - 0,4 пайызға, битум - 0,3 пайызға қымбаттады.

 Санитарлық-техникалық бұйымдар бағасы 1,9 пайыз көлімінде, қаптама қыш кірпіштер - 1,7 пайыз, негізгі қара металдар - 1,1 пайыз, кескінделген сүрек - 0,9 пайыз деңгейінде, сондай-ақ сүректен жасалған ағаш-жоңқалы тақталар - 0,2 пайызға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар