Тоғыз жасар бала Оңтүстік Америкадағы Аконкагуа шыңын бағындырды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Калифорнияның тоғыз жасар тұрғыны Тайлер Армстронг Оңтүстік Америкадағы ең биік шың - Аконкагуаны бағындырып,
None
None

тарихтағы ең жас альпинист атанды. Биіктігі 6 мың 962 метр тау Аргентинада орналасқан.

Бала шыңға әкесімен бірге католиктердің Рождество мерекесінің қарсаңында шыққан.

«Онда шынында да жер атмосферасы көрініп тұрды, - деді Т.Армстронг экспедиция соңында. - Сіз өз аяғыңыздың астынан бұлттарды көресіз. Онда өте суық. Таудың шыңы үлкен, аумағы бір үйдің орнындай, ал оның артында жар бар.

Айта кетейік, 7 мың адамның 30 пайызы ғана биіктігі 6 мың метрлік шыңды бағындыруға лицензия алады екен. Ол ережелерге сәйкес, бұл батыл қадамға бел буғандардың жасы 14-тен жоғары болуы керек.

Рұқсат алу үшін жас альпинистің әкесіне Аргентина билігімен соттасуына тура келген. Ақыр соңында, олардың командасы заң қорғаушыларын баланың шыңға шығуға мүмкіндігі бар екеніне көндірген. Атап өтейік, Т.Армстронг рекорд орнатқан альпиниске айналуы мүмкін. Ол сегіз жасында Африканың Килиманджаро шыңын бағындырған. Енді жас бала жеті құрлықтағы - «жеті биік» шыңға шығуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар