Тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Түркияның Анталья қаласында өтетін тоғызқұмалақтан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен бесінші мәрте алауы тұтанатын әлемдік сында ел намысын сегіз ойыншы қорғайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Мақсат Шотаев айтып берді.

Аталған сында әйелдер арасында Əсел Далиева, Салтанат Сапарбекова, Гүлжанат Алдабергенова, Аружан Әбдіханова, ерлер арасында Хакімжан Елеусінов, Саят Жандарбек, Жанат Каймулдин және Ғалымжан Темірбаев ел намысын қорғамақ.

Жарыс классика және блиц түрінде өтеді.

Осыған дейін, төл ойынымыз - тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионатын өткізудегі басты мақсат - қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде насихаттау, оның бұқаралық сипатын арттыру және осы спорт түріндегі ең үздік спортшыларды анықтау.

Еске сала кетейік, тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты 2010 жылы Қазақстанның елордасында өткізіліп, 16 елден спортшылар қатысқан болатын. 2012 жылы Чехияның Пардубице қаласында болған ІІ әлем чемпионатына 10 елден спортшы қатысса, ІІІ әлем чемпионаты 2015 жылы Алматыда өткізіліп, 23 елдің спортшылары бақ сынады. Ал, ІV рет төл ойынымыздан әлем біріншілігі ЭКСПО-2017 халық¬аралық көрмесі аясында елордамызда өтті. Соңғы біріншілікке әлемнің 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмалақшы келіп, бақ сынады.

Соңғы жаңалықтар