Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның бес отырысының қорытындысын шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер мәселесіне қатысты бірде-бір мәселені жасырған жоқпыз. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Комиссияның 5 отырысы, жұмыс топтарының 7 отырысы өтті. Осы қысқа мерзімнің ішінде 100-ден аса сұрақ қаралды. Комиссияның отырыстары ашық түрде өткеніне өздеріңіз де куәсіздер. Бірде-бір мәселені тықпалаған жоқпыз, бірде-бір мәселені жасырған жоқпыз. Онлайн трансляция арқылы барша халыққа таратылды. Комиссияның сөйлеймін деген әрбір мүшесіне толықтай мүмкіндік берілді», - деді ол.

Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, комиссия отырыстарында барлығы 113 ұсыныс енгізілді. 20-сы бойынша нақты шешім қабылданды. 28 сұрақ бойынша ұсынымдар комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша әзірленетін заң жобасы аясында Парламентке жолданады. 47 ұсыныс мемлекеттік органдарға нақты іс-шаралар қабылдау үшін жолданды.

«18 сұрақ заңнамада шешімі болуына байланысты комиссияның қарауынан алынып тасталды. Ол жай ғана алынып тасталған жоқ, талқылау 3, 4, 5 сағатқа дейін жүргізілді. Комиссияның ұсынымдары негізгінде арнаулы заң жобасы әзірленіп, белгіленген тәртіппен келесі айда Парламентке енгізілетін болады. Комиссияның жекелеген мүшелері осы заң жобасын Парламент қабырғасында қарау кезінде жұмыс топтарына қатысуға толықтай мүмкіндік алады. Айтылған сөздеріміз далада қалмайды», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар